ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ
«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»
Құрметті ата-аналар, Қабанбай батыр ауылының тұрғындары!
Елімізде жыл сайын 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» республикалық акциясы өтеді, оның мақсаты аз қамтылған отбасылардағы оқушыларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде қолдау көрсету және 1 қыркүйекте әлеуметтік себептермен мектепке бармаудың алдын алу болып табылады.
Аз қамтылған және тұрмысы төмен отбасылардың мәселелеріне бейжай қарамайтын кәсіпкерлерді, бизнесмендерді және барша тұрғындарды ынтымақтастыққа шақырамыз. Ауылымызда аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан көмекке зәру мектеп оқушылары да бар. Олардың мектепке дайындалуына көмектесейік.
Белгілі бір балаға қайырымдылық көмек көрсеткісі келетіндер мына телефондар арқылы ақпарат ала алады: 8(71651) 91023
Барлық балаларға мектепке жол табуға көмектесейік!