"Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Қабанбай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ «Общеобразовательная школа села Кабанбай батыр отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар туралы

19.03.2019 күні «Наурыз - думан» атты мектепшілік іс-шара өткізілді.

Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. 

Мақсаты:Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Ауызекі сөйлеу арқылы оқушылардың дүние танымын кеңейту. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге, бойларына адамгершілік жақсы қасиеттерді сіңіре білуге тәрбиелеу. Бұл шараға мектеп оқушылары мен ұстаздары атсалысып, әр сынып қазақ халқының ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерін көрсетті. Рухани жаңғыру аясында ата-баба мұрасын жаңғыртып, жас ұрпақ зердесінде қалдыру үшін 8-11 сыныптар арасында «Ата дәстүр-асыл мұрам» деген тақырыпта салт-дәстүрден көріністер көрсетіп, 5-7 сыныптар арасында ұлттық ойындарымыз: тоғызқұмалақ, арқан тартыс, асық, бес асық, қазақша күрес ойнатылды. Мереке ән би мен жалғасып, кеш соңы «Қара жорға» биінен флешмобпен аяқталды. Мектептің фоесін технолог мұғалімдер Е.В. Штарк пен А.М. Ткачева  бірлесіп және оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы еңбегімен ұлттық  нақышта безендіріліп жасалды.

Жаңартылған күні: 17.04.2019 17:47
Құрылған күні: 17.04.2019 17:47

Текст