Текст
13.10.2025

Бүгін Қабанбай батыр ауылының орта мектебінде «Нан – өмірдің берекесі» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Сабақ барысында оқушылар нанның адам өміріндегі маңызы мен құндылығы туралы әңгімелесті, оның тарихымен, дайындалу кезеңдерімен және диқандардың еңбегімен танысты.
Оқушылар нанның – жай ғана тағам емес, еңбектің, молшылықтың және ризашылықтың символы екенін түсінді.
Сынып сағаты оқушыларды еңбекқорлыққа, табиғат пен азық-түлікке ұқыпты қарауға, адал еңбекті бағалауға тәрбиелеуге бағытталды.