"Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Қабанбай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ «Общеобразовательная школа села Кабанбай батыр отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2022 жылғы арналған есеп

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша                                                                2022 жылғы арналған есеп

«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қабанбай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ                                          Заңды мекенжайы: Ы.Алтынсарин 6а

   2022 жылы мектеп 266 қызмет көрсетті, бұл 2021 жылмен салыстырғанда    24-ке аз. Электрондық түрде көрсетілген қызметтер саны – 141, өткен жылмен салыстырғанда 19-ға өсті; қағаз түрінде көрсетілген қызметтер саны – 122, бұл өткен жылмен салыстырғанда 46 – ға аз. Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

   Жұмысты талдау электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілген қызметтер санының айтарлықтай өскенін көрсетті.                                                                                                  

                   Білім беру саласында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

  1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;
  2. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау».
  3. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыруға құжаттарды қабылдау»
  4. «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың түпнұсқаларын беру»
  5. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың бастауыш, негізгі, орта білімнен кейінгі қосымша, мамандырылған және арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында лауазымдарды атқаратын педагогтерді және оларға теңестірілген тұлғаларды біліктілік санат беру растауға аттестаттаудан өтуге құжат қабылдау».

     Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған sc0019.celinograd.aqmoedu.kz/cp. Мектепте ақпараттық  стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

    2022 жылы әлеуметтік желілерде мақала жарияланды. Ай сайынғы негізде, интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізілді.

    Білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуге қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілді.                                                                                       

   2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.                                                      Мемлекеттік қызметтерді бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.                                                                                                      

    2023 жылы тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.

Мектеп директоры                                       Б.К.Сулейменова

 

 

 

 

 

 

 


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 24.02.2023 15:25
Құрылған күні: 27.02.2023 16:43

Текст