"Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Қабанбай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ «Общеобразовательная школа села Кабанбай батыр отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша "Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Қабанбай батыр ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ 2021 жылға қызметі туралы есеп

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша "Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Қабанбай батыр ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ 2021 жылға

қызметі туралы есеп

 

 

1. Жалпы ережелер

1)қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер: "Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Қабанбай батыр ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ;

. Заңды мекен-жайы: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылы, Ы.Алтынсарин 6а

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Қабанбай батыр ауылының жалпы білім беретін мектебінде 5 Мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2021 жылы 289 қызмет көрсетілді;

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны -0;

электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 122;

қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны -163.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

2020 жылы 247 қызмет көрсетілді

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны - 8;

электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 40;

қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-199.

 

 

 

 

 

 

3) неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: білім беру саласындағы неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау"- 93

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" -159

 

2. Қызмет алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Қызмет алушылар үшін барлық қажетті ақпарат Қабанбай батыр ауылындағы жалпы білім беретін мектептің ресми интернет ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ, мектепте ақпараттық стендте мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

2021 жылы Қабанбай батыр ауылының жалпы білім беретін мектебі БАҚ және әлеуметтік желілерде  мақала жарияланды, дөңгелек үстел өткізілді. Ай сайынғы негізде БАҚ, қызмет көрсетушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіледі.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мектеп бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz. жүйеде 2 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.

Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 3 мемлекеттік қызмет қолжетімді.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Мемлекеттік қызметтерді мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен, қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген қызметкерлер көрсетеді.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2021 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.

2022 жылы мектеп жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырады.

Директоры Сулейменова Б. К.

 

 

Жаңартылған күні: 01.04.2022 19:39
Құрылған күні: 01.04.2022 19:39

Текст