"Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Қабанбай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ «Общеобразовательная школа села Кабанбай батыр отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәрбие жұмысы бойынша 2023-2024 оқу жылының І тоқсан есебі

«Қабанбай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

тәрбие жұмысы бойынша 2023-2024 оқу жылының І тоқсан есебі

 «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты:

Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.

     Міндеттері:

  1. Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.
  2. Ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға, отаншылдық пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу.

Жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлы болуға, ар-ұждан, намыс, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық пен әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.

  1. Денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, ойдың тазалығын және эмоционалды тұрақтылыққа баулу.
  2. Табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа баулу.

  Күтілетін нәтиже:

  1. Ата-анасын сыйлайды, перзенттік парызын түсінеді, «қарашаңырақ», «жеті ата», «тектілік» ұғымдарының маңызын бағалайды, отбасы татулығы мен берекесін қадірлейді.
  2. Отаншыл, мемлекетшіл, намысшыл, халқына адал қызмет етуді, мемлекет тәуелсіздігін және елі мен жерінің тұтастығын қорғауды борышым деп санайды жәнеұлттық мәдениетті құрметтейді, салт-дәстүрлерді біледі, оны сақтайды.
  3. Әр ісіне, қадамына жауапкершілікпен қарайды, әдепті және мейірімді, сөзінеберік, ісіне адал, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетеді, ар-ұятты жоғары бағалайды.
  4. Жан мен тән тазалығын сақтайды, дұрыс тамақтану мәдениетін түсінеді, эмоционалды жай-күйін басқарады.
  5. Тұратын үйін, ауласын, қаласын таза ұстайды, қоғамдық орынға және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарайды, табиғатқа жанашыр және туған жердің қайталанбас ерекшелігін және оныңбірегей болмысын таниды және адал еңбекті жоғары бағалайды.
  6. Ұлттық құндылықтар: ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ, АР-ҰЯТ, ТАЛАП.

     2023-2024  оқу жылы тамыз айында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Оқу жылына байланысты барлық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқу жылының тәрбие жоспарын талқылау мақсатында сынып жетекшілер семинары ұйымдастырылды. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» жоспарланды.  Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетілді.

1 қыркүйек - білім күні «Мектеп – мейірім мекені»

«Сәлем, жаңа оқу жылы» Талап: білуге, жаңаны тануға құштар болу

Ұлттық мүдде: ұлттық мәдениетті дәріптеу.Білім күнін осы тақырыпта сынып сағаттар мен салтанатты жиын өтті.

5-қыркүйектен бастап тіл мұғалімдері мен сынып жетекшілер  өткізген іс –шаралар: «Тіл-өлшеусіз қазына»  (А.Байтұрсынов туған күніне арналған «Тіл тазалығы»)

Ұлттық мүдде: салауатты өмір салтын ұстану

Талап: білуге, жаңаны тануға құштар болу.  «Тіл- бабалар мұрасы»

(А.Байтұрсынов туған күніне арналған «Тіл тазалығы»)

Ұлттық мүдде: салауатты өмір салтын ұстану. Талап: білуге, жаңаны тануға құштар болу. «ТІЛІМ- ТҰМАРЫМ»  айтыскер ақындарды таныстыру, дәріптеу, баулу. («Балалар кітапханасы» жобасы)

Талап: білуге, жаңаны тануға құштар болу

 

 «Дене сергіту» челленджі  Талап: физикалық белсенді болу.

Талап: салауатты өмір салтын ұстану. Ар-ұят: әдеп нормаларын ұстану. Мектеп алаңында денсаулық күнінде жаппай жаттығу жасау және бастауыш сыныптарда отбасымен үйде дене шынықтырумен айналысу челленджі өтті. Барлық бейне роликтер әлеуметтік желіге жарияланып отырды.  «Денсаулық және дұрыс тамақтану»   («Еңбегі адал жас өрен» жобасы) Ұлттық мүдде: Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға атсалысу.

Отбасы күніне арналған іс-шаралар. Ар-ұят: өзін отбасының, сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бір мүшесі екенін сезіну.   «Отбасылық дәстүрлер»  («Ғаламтор қауіпсіздігі» жобасы) сынып жетекшілер оқушылардың ата-анамен бірлесіп әректтену мақсатында  осындай тәрбиелік мәні бар іс-шара өткізеді.

      Арнайы мамандармен профилактикалық жұмыс (қыздар және ұлдар жиналысы)

Алдын алу түсіндірме жұмыстары. Ар-ұят: әдеп нормаларын ұстану.

 Құқықбұзушылықтың алдын алу жолдары. «Зорлық -зомбылықсыз өмір»

Ұлттық мүдде: Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын болу

Ар-ұят: халқына адал қызмет ету. Аудандық кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер  инспекторының қатысуымен үнемі профилактика Кеңесінің отырыстары өткізіледі. Кеңесте тәртіп бұзған, немесе құқық бұзушылыққа жол берген оқушылардың жеке істері қарастырылады.
Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары барысында аз қамтылған отбасы категориясындағы балалардың үй жағдайы тексеріледі, ата-аналармен профилактикалық әңгімелесулер өткізіледі. Жайсыз отбасылардан шыққан оқушыларға үнемі бақылау жасалады.
Әлеуметтік педагогтер мектепшілік бақылауда тұрған оқушыларға тәлімгерлік көрсетеді. Олардың сабаққа қатысуын қадағалап, бос уақыттарын ұйымдастырады.

Ұстаздар күні

«Ұстаз ұлы тұлға» (Оқуға құштар мектеп жобасы) Ұлттық мүдде: қоғам мұддесі үшін қызмет ету.

Бейне құттықтау челленджі.

Дублер күні.

Уақытты басқару және өзін – өзі ұйымдастыру.

Ар-ұят: адал еңбекті құрметтеу

Ұлттық мүдде: қоғам игілігі үшін қызмет ету Талап: дұрыс қарым-қатынас орната білу.

«Қарттырым-асыл қазынам»

(«Қарияға қол ұшын соз» жобасы еріктілер тобының жыл бойғы көмектесу жұмыстары) Талап: дұрыс қарым-қатынас орната білу. Ар-ұят: отбасының, өз ортасының абыройын асыру.  «Қариясы бардың  қазынасы бар»  «Қарияға қол ұшын соз» жобасы. Ар-ұят: әдеп нормаларын ұстану

Ұлттық мүдде: ұлттық мәдениетті дәріптеу. Талап: дұрыс қарым-қатынас орната білу.

 

Республика күні «Көк тудың желбірегені» 25 – қазан Республика күні «Ұрпаққа аманат жобасы» Талап: дұрыс қарым-қатынас орната білу. Ар-ұят: әдеп нормаларын ұстану

Ұлттық мүдде: Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға ат салысу.  Талап: дұрыс қарым-қатынас орната білу.

17 қазан мектебімізде Республика күніне орай салтанатты жиынның ашылуы өтті.

«Біз үшін» видео ролик челлендж түсірілді. Шахмат,Тоғызқұмалақ,Теннис ойындарынан оқушылар арасында жарыс өтті.Ұстаздар арасында волейболдан ойын өткізілді.Республика күніне арналған Қол өнер көрмесі және кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. «Гүлдене бер Қазақстан!»  суреттер байқуы өтті. 25 – қазан барлық сыныптарда сынып сағаттары өткізілді. «Республика дауысы – Мектеп дауысы» ән байқауы өтті.

 

Жаңартылған күні: 26.10.2023 15:24
Құрылған күні: 26.10.2023 18:45

Текст