"Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Қабанбай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ «Общеобразовательная школа села Кабанбай батыр отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2023 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы есеп.

2023 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы есеп.

 

1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер:, №2 ғимарат. Заңды мекен-жайы: Қабанабай ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі 6.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер:

"Қабанбай батыр ауылының жалпы білім беретін орта мектебі" 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2023 жылы "Қабанбай батыр ауылының жалпы білім беретін орта мектебі ", 344 қызмет көрсетті;

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін, электрондық нұсқада мемлекеттік қызмет көрсетілді 68 қызмет; қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер –276 қызмет. 

Білім саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

2022 жылы білім бөлімі, аудандардың (қалалардың) бөлімдері және ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары 266 қызмет көрсетті;

электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетілді 141 қызмет; қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер –122 қызмет.

 

 

 

Білім беру саласында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

  1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;
  2. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау».
  3. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыруға құжаттарды қабылдау»
  4. «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың түпнұсқаларын беру»
  5. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың бастауыш, негізгі, орта білімнен кейінгі қосымша, мамандырылған және арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында лауазымдарды атқаратын педагогтерді және оларға теңестірілген тұлғаларды біліктілік санат беру растауға аттестаттаудан өтуге құжат қабылдау».

Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет-ресурсында орналастырылған http://sh-kabanbai-celinograd-akmol.edu.kz/

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған. Сондай-ақ, мектепте мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған ақпараттық стенд бар. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жүзеге асырылуда. Мектеп нормативтік құқықтық актілерді әзірлеген жоқ.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).

 

 

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі, орта, арнаулы білім беру ұйымдары Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Жүйе 1 автоматтандырылған мемлекеттік қызметті жүзеге асырады.

Білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 3-ден астам қызметкер көрсетеді, 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында 2 қызметкер біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

1) 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген ішкі бақылау нәтижелері.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тартулар болған жоқ.

5. Одан әрі тиімділік және қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру перспективалары.

Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға арналған Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

2024 жылы білім басқармасы мен ведомстволық бағынысты ұйымдар жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 29.02.2024 23:47
Құрылған күні: 01.03.2024 14:54

Текст