"Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Қабанбай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ «Общеобразовательная школа села Кабанбай батыр отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қабанбай батыр ауылы жалпы орта білім беретін мектебінде үйде жеке оқытуды ұйымдастыру туралы анықтама

Қабанбай батыр  ауылы жалпы орта білім беретін мектебінде  үйде жеке оқытуды ұйымдастыру туралы анықтама

2022-2023 оқу жылының қыркүйек айынан бастап медициналық қорытынды мен ата-аналардың өтініші негізінде мектепте 11 оқушыға үйде жеке оқыту ұйымдастырылды. Оның ішінде 5 оқушы  жеңіл ақыл-ой ауытқуы бар балаларға арналған арнайы білім беру бағдарламасы бойынша оқытылса, 1 оқушы орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушыларға арналған бағдарламамен, ал 5 бала жалпы білім беру бағдарламасы бойынша оқытылады.

Үйде оқытудың білім беру процесін ұйымдастыру директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары әзірлеген және мектеп директоры бекіткен оқу жоспарымен, сабақ кестесімен реттеледі.

Сабақтар үйде өткізіледі, бірақ оқушылар ата-аналарының қалауы мен келісімі бойынша мектепке келе алады, бұл білім алуда ерекше қажеттілігі бар баларға басқа балалармен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді және сәтті әлеуметтенуге ықпал етеді.

Денсаулық жағдайына байланысты қазан айында үйде оқытуға мектептің 2 оқушысы көшті, оларға да жеке оқу жоспары құрастырылып, осыған сәйкес мектеп директорының бұйрығымен мұғалімдердің жүктемесі бекітілді және дәрігерлер ұсынысы мен ата-анасының өтініштерін ескере отырып сабақ кестелері құрастырылды.

Әкімшілік тарапынан ата-аналармен әңгімелесу, мұғалімдердің құжаттарын  тексеру сабақ мазмұнының күрделілік деңгейі сынып деңгейіне сәйкес келетінін қадағалау жүргізіледі. Педагогтарға  жаңа сабақ материалын оқушылардың психофизиологиялық жағдайына, медициналық диагнозын ескере отырып ұйымдастыруға кеңес берілді. Балалардың  ойлау, зерделеу, жадын дамытуға мүмкіндік беру, дамытуға көңіл бөлу үшін сабақта ойын технологиясын қолдану және  есте сақтау, назар аудару, жалпылау үшін әртүрлі дамыту жаттығулары өткізіп отыруға кеңес берілді. Оқуға деген ұмтылыс ойын-сауық материалы, мадақтау және алдыңғы нәтижемен салыстыру арқылы дамитыны ескертілді.

Бағдарламалық материал күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауға сәйкес кесте бойынша беріледі, бұл жеке оқыту журналдарында көрсетіледі.

Ақпаратты дайындаған ОІМ Купенова Г.О.

 

Жаңартылған күні: 22.10.2022 11:47
Құрылған күні: 22.10.2022 15:39

Текст