"Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Қабанбай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ «Общеобразовательная школа села Кабанбай батыр отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қабанбай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат.

Қабанбай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде   «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат

      2021-2022 оқу жылы басынан мектебімізде «Оқуға құштар мектеп» жобасына арналған жоспар құрылды.

Мақсаты:

  1. Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру, кітап оқуға ынтасын арттыру, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын арттыруға ықпал ету;
  2. Кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру;
  3. Оқушыларды әдеби кітаптарды оқуға насихаттау арқылы олардың кітап оқуға сүйіспеншілігін арттыру.

Күтілетін нәтиже: 

  1. Оқушылардың оқу дағдысын, оқу сауаттылығын қалыптастыру. Оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен көпшілік алдында бөліседі, оқырмандарды шабыттандырады.
  2. Орта буын, жоғары сыныптарда оқушылардың оқу дағдысын,оқу сауаттылығын қалыптастыру, тақырып бойынша эссе жазуға дағдыландыру.
  3. Жоғарғы сынып оқушыларын әдеби - классик жазушылардың шығармаларын оқуға тарту, оқыған кітабын жарнамалауға,насихаттауға дағдыландыру.

     Жоспар аясында 1-11 сыныптарға әр түрлі бағыттар, әдеби шығармалар, челлендждер ұсынылды. Оқушылар ат салысып, күнделікті 20 мин. оқу кезінде өздерінің үздік шығармаларын оқуға асығады. Ай сайын сынып жетекшілер оқыған шығамалары бойынша әр түрлі форматта есеп көрсетеді. Атқарылған іс-шараларды төмендігі сілтемелерден көруге болады.

 

https://www.instagram.com/tv/CZeEyhEoG6W/?utm_medium=copy_link

 https://www.instagram.com/tv/CZvZto3skJU/?utm_medium=copy_link

https://www.instagram.com/tv/CZhP9gdIcKT/?utm_medium=copy_link

https://www.instagram.com/tv/CZvZasUg5mo/?utm_medium=copy_link

https://www.instagram.com/tv/CZvZto3skJU/?utm_medium=copy_link

 

 

Жаңартылған күні: 07.10.2022 09:01
Құрылған күні: 07.10.2022 09:01

Текст