"Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Қабанбай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ «Общеобразовательная школа села Кабанбай батыр отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

03.03.2018

ММ «Қабанбай батыр ауылы № 41 орта мектебінде»

2017 жылда көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат  

Мемлекеттік қызметтер көрсету тақырыбы бүгінгі күнде өзекті болып табылады, себебі біз онымен күнделікті өмірде жиі кездесеміз.

Соңғы жылдары мемлекеттік қызмет көрсету саласында орасан зор өзгерістер болып жатыр. Әлеуметтік маңызы бар маңызды нормативтік құқықтық актілер қабылданды, мемлекеттік аппарат құрылымында өзгерістер орын алды.

Біздің мектепте мемлекеттік қызмет көрсету барысында азаматтарымыздың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру үшін тиімді мемелекеттік қызмет көрсету жүйесін құру міндеті қолға алынды.

2017жылдың ақпан айында директордың жанындағы кеңес өткізіліп, мектеп педагогтары мен ата-аналар комитеті алдында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есеп әрі талдау жасалды.

Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 17 қарашасындағы «Мемлекеттік қызметтер туралы» заңына, № 408-V 15 сәуір 2013 жыл, ҚР Үкіметінің 13 наурыз 2015 ж. №140 «ҚР Білім мен ғылым министрлігінің, білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар атқаратын мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту» шешіміне және ММ «Қабанбай батыр ауылының №41 орта мектебінің» «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» бұйрығына сәйкес мектепте келесі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

1. Құжаттарды қабылдау және балаларды білім беру ұйымына тіркеу.

2. Білім алу туралы құжаттардың көшірмесін беру.

3. Денсаулығы жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойын бастауыш, негізгі және орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларға үйде жеке ақысыз білім беруді ұйымдастыру үшін құжаттарын қабылдау.

4.  ММ «Қабанбай батыр ауылының № 41 орта мектебі» педагогтарын ІІ санатқа аттестаттау.

Барлық мемлекеттік қызмет түрлері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс, мерекелік күндерінен басқа күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жасалады, үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет  заңды өкілдері толық құжат пакетін тапсырған жағдайда ғана жасалады (мектепке қабылдау туралы өтініш, туу туралы куәлік көшірмесі, баланы растайтын куәлігі /болған жағдайда; бала және заңды өкілдері туралы мәліметі бар сауалнама, денсаулығының жағдайы  жөніндегі құжат).

Содан кейін, тапсырылған құжаттар негізінде директордың нұсқауы бойынша қабылдау туралы бұйрық жазылады, қызмет көрсету шарттары бар келісім жасалады. Мемлекеттік қызмет алу үшін құжаттарын толық тапсырған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуші барлық қажетті құжаттарды қабылдағаны жөнінде қолхат толтырып, оның

түпнұсқасы мектепте оқушының жеке іс қағазымен бірге жеке файлда сақталады, ал баланың заңды өкіліне көшірмесі беріледі.

Мектепте мемелекеттік қызмет көрсету келесі қағидаттарға сүйенеді:

1) адамның конституциялық құқығы мен бостандығын сақтау; 

2) қызметтік міндетті орындау кезінде заңдылықты сақтау;

3) сыпайылық;

4) жан-жақты және толық ақпарат беру;

5) қорғау және құпиялылық;

6) мемлекеттік қызметті алушының мерзімінде алмаған құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету.

Мектеп директоры Сулейменова Б.К. бұйрығы негізінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша

жауаптылар тағайындалған:

1. Үйде оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдауға жауапты адам – директордың ОТІ жөніндегі орынбасары  Купенова Г.О.

2. Мектепке қабылдау үшін оқушының құжаттарын қабылдауға жауапты - секретарь-іс жүргізуші  Сабырова А.Е.

3.  Алған білімі жөніндегі құжаттың көшірмесін беру – завуч-әдіскер Садвокасова А.Т.

4. ММ «Кабанбай батыр ауылының № 41 орта мектебі» педагогтарын II санатқа аттестаттау – Касенова С.Б.

    Жауапты адамдар халыққа сапалы, қолжетімді, уақытылы қызмет көрсетілуіне жауапты, себебі мемлекеттік қызметтің сапасы мемлекет абыройын көтеріп, мемлекеттік мекемелерге деген сенімді арттырады.

Барлық мемлекеттік қызмет автоматталмаған, қағаз түрінде жүргізіледі. Қызмет алушылардың өтініштерін қабылданғаны туралы белгілеу және әр қызмет нәтижесін тіркеу үшін арнайы журналдар жүргізіледі. Журналдар мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі, тігілген, нөміргенген, мөрмен, мектеп басшысының қолымен бекітілген.

ММ «Қабанбай батыр ауылының № 41 орта мектебінде» 2017 жылы келесі мемлекеттік қызметтер атқарылды:

1. «Мектеп ұйымына құжат қабылдау және тіркеу» бойынша  – 272;

2. «Білім беру құжатының көшірмесін беру» бойынша - 5 көшірме;

3. «Денсаулығы жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойын бастауыш, негізгі және орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларға үйде жеке ақысыз білім беруді ұйымдастыру үшін құжаттарын қабылдау» қызметі бойынша – 7;  

4. «ММ «Қабанбай батыр ауылының № 41 орта мектебі» педагогтарын ІІ санатқа аттестаттау» қызметі бойынша - 7.

Мектеп директоры Сулейменова Б.К. тарапынан мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын қадағалау үнемі жүргізіліп отырады.

Қызмет алушылар сапасыз көрсетілген мемлекеттік қызметтерге шағым жасай алады. Есептік жылда мемлекеттік қызмет алушылар тарапынан шағым түскен жоқ.

Мектеп ғимаратының қабырғасында мемлекеттік және орыс тілдерінде атқарылатын мемлекеттік қызметі туралы мәлімет, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заңы, қажетті құжаттар тізімі, оларды толтыру үлгісі, қызмет көрсетушілер туралы мәлімет ілінген және үстелде шағым журналы қойылған. Мәліметтер үнемі жаңартылып отырады.

     ММ қызмет көрсетуде негізгі құқықтық акт болып регламент саналады. Онда қызмет көрсету аясы нақты көрсетілген және ұйым ішінде қызметтер көрсетуді бақылау жасауға мүмкіндік береді. Соның салдарынан қызмет сапасы деңгейі көтеріліп, тиімді қызмет атқарылады. Мемлекеттік қызметтер сапасына мониторинг жасау мақсатында әр ай сайын аудандық білім бөліміне атқарылған мемлекеттік қызмет саны мен сапасы жөнінде есеп беріледі.

             

Просмотров: 619


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст