"Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Қабанбай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ «Общеобразовательная школа села Кабанбай батыр отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата-аналар жиналысы

21.08.2020

  Ақмола облысы, Целиноград  ауданы, Қабанбай батыр ауылы  №41 орта мектептің бастауыш сыныптарында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында  жаңа 2020-2021 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) хабардар ету мақсатында «Мен жаңа оқу жылында қалай оқимын?» атты  ата-аналар жиналысы өтті

Ата-аналар жиналысында көтерілген сұрақтар:

-Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары

- Оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау

-Қашықтан оқыту: баланың мінез-құлық ережелері және жұмыс орыны

-Қашықтан оқытуды жүзеге асыратын білім беру Интернет платформасымен танысу

-Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі

-Кезекші  сыныптардың толымдылығы -15 баладан артық емес

-Сабақтар арасындағы үзілістер әр сыныпқа әр түрлі беріледі осы және өзге де туындаған сұрақтарға жауап берілді.

Оқу форматына қарамастан «Балапан» арнасында қазақ тілінде «Ел Арна» арнасында орыс тілінде оқитын оқушыларға дүйсенбіден жұмаға дейін қосымша білім беру ресурсы ретінде телевизиялық сабақтар арқылы оқу мүмкіндігі бар екені айтылды.

Ата-аналар жиналысы қашықтықтан  «Skype», «ZOOM» платформалары  арқылы өтті.   1-4 сынып ата-аналарының басым бөлігі  жиналысқа қатысты. Белгілі бір себептермен қатыспаған ата-аналар кейін ақпараттандырылды.

Кезекші сыныптарда оқытылатын балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері балаларын санитарлық қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз ету керектігі жайлы айтылды: қол орамалдар, дымқыл бактерияға қарсы майлықтар мен маскалар бір сөзбен айтқанда қатаң санитарлық талаптарды сақтаулары тиіс.

Сынып жетекшілер ата-аналарға нақты әрі түсінікті баяндап берді. Туындаған сұрақтарға ата-аналар жауап алды деп есептейміз.

Просмотров: 421


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст