20.11.2023
Қазақстан Республикасының ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және қолдау үшін оңтайлы жағдайлар жасау, академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, олардың одан әрі зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануын қамтамасыз ету мақсатында биыл алғашқы рет ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасы өтуде. Олимпиаданың негізгі міндеттері:
ауылдық мектептері оқушыларының теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тереңдету;
ауылдық білім беру ұйымдарындағы дарынды балаларды анықтау үшін жағдайлар жасау;
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы жанындағы Республикалық сырттай мектепке оқу-жаттығу жиындарына қабылдау және одан әрі оқыту арқылы ауылдық жердегі мектептердің жоғары сынып оқушыларын республикалық және халықаралық деңгейдегі олимпиадаларға қатысуына дайындап, мүмкіндік беру.
Қабанбай батыр ауылының жалпы білім беретін мектебінен 41 оқушы тіркелді. Бүгіннен бастап бақтарын сынамақшы.
Оқушыларға мектеп директоры Б.К. Сулейменова өз тілегін білдірді. Бүгінгі жетістіктеріңіз - сіздердің үлкен өмірде табысқа жетулеріңіздің бастауы. Болашақта еліміз мақтан ететін азамат болуларыңызға шын жүректен тілектеспіз! Білім сайысында үлкен асуларды бағындыруларыңызға тілектеспіз. Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!