"Тіл тағдыры - ел тағдыры" атты 9 - 11 сыныптар арасында дөңгелек үстел өтті. Мұғалім: Жармағамбетова С.Т. Дөңгелек үстелдің мақсаты - ұлттық сана - сезімі мол, Отанын, ана тілін сүйетін азамат пен азаматша тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау.
Өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деен ықыласы мен қызығушылығын арттыру мақсатында "Қазақ тілін білуім керек " атты эссе байқауы 7 - 11 орыс сыныптарында өтті. Мұғалім: Каратева В.Е, Касенова С.Б.
6 сыныптар арасында "Жүзден жүйрік" зияткерлік ойыны өтті. Оқушылар өздерінің тапқырлығы мен білімдерін байқата білді. Мұғалім: Байдал М.
5 г сыныбында "Қызықты қазақ тілі" интеллектуалдық сайысы өтті. Мұғалім: Узденбаева Г.Ж.