Текст
7 сәуір күні Қабанбай батыр ауылы жалпы білім беретін мектебінде «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында формативтік бағалау түрлері» атты аудандық семинар өтті. Оған аудан мектептерінен ұстаздар қатысты. Семинар бағдарлама бойынша ілгері деңгейлі орыс тілі мұғалімі Лузанова А.В. және мектеп тренері Жумабекова Г.А. дайындаған коучингтен басталды. Коучингтен кейін қарастырылған мәселені практикада қолдануын байқау үшін 5ә, 6а, 6д, 10в сыныптарында мектеп мұғалімдері Жакупова Б.А., Бекмағамбетова А.А., Прокопенко Т.А., Каптаирова Г.Ж. ашық сабақтар көрсетті. Сонымен қатар Лузанова А.В., Жумабекова Г.А. 11 сынып оқушыларымен оқу конференциясын ұйымдастырды. Соңында қонақтар семинарға жоғары баға беріп, алғысын білдірді.