«Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім беру бөлімінің Қабанбай батыр ауылының жалпы білім беретін мектебі " КММ штаттық кестеге сәйкес ақы төлеумен инклюзияны қолдау кабинетіне логопед мұғалімі лауазымына конкурс жариялайды
Оқу жүктемесі -16с
e-mail kabanbai41@mail.ru
телефоны 8 716 51 91 023
Мекен жай :Кабанбай батыр а.,Ы.Алтынсарин көшесі 6 А
Құжаттарды қабылдау мерзімі - соңғы жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні
Еңбек шарттың мерзімі - белгісіз
Лауазымдық міндеттері:
Мүмкіндігі шектеулі балалармен және жасөспірімдермен түзету жұмыстарын жүзеге асырады. Тәрбиеленушілердің психикалық, физиологиялық бұзылыстарын тексеру жүргізеді, олардың құрылымы және көрініс дәрежесін анықтайды.
Тәрбиешілер және басқа да мамандармен бірлесіп түзету, бұзылған қызметтерін қалпына келтіру және мүмкіндігі шектеулі тәрбиеленушілердің әлеуметтенуіне арналған топтық және жеке жұмыстарды жүзеге асырады.
Педагог қызметкерлерге, оқушылардың ана-аналарына немесе оларды алмастыратын тұлғаларға дамуында ауытқуы бар балаларға көмек көрсетуде пайдаланатын әдіс-тәсілдерді қолдану туралы кеңес береді.
Тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес оқытудың түрлі әдіс, тәсілдерін қолданады. Арнайы білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.
Компьютерлік сауаттылығы, ақпаратты-коммуникациялық құзырлығы бар.
Өзінің кәсіби біліктілігін жүйелі түрде арттырады. Әдістемелік бірлестік және әдістемелік жұмыстардың басқа да түрлеріне қатысады.
Қажетті құжаттарды жүргізеді. Қоғамда мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен толерантты қатынас орнатуға арналған ағарту жұмыстарын жүргізеді.
Еңбекті қорғау нормалары мен тәртіптерін, қауіпсіздік техникасын және өрттен қорғауды орындайды.
Оқу үрдісінде балалардың өмірлерін, денсаулықтарын және балалардың еркіндігін сақтауды қамтамасыз етеді.
әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;
ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;
ата-аналарға кеңес береді;
кәсіби құзыреттілікті арттырады;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;
білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;
білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Балалар құқықтары конвенциясы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзете қолдау», «Қазақстан Республикасында балалар құқығы», «Арнайы әлеуметтік стандарттар туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту болашағын және бағыттарын анықтайтын нормативті құқықтық актілерді, өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызметтің мемлекеттік стандартын, жас ерекшелік және арнайы педагогика мен психологияны, дефектологияның анатомиялық-физиологиялық және клиникалық негіздерін, тәрбиеленушілердің дамуындағы ауытқуларды түзетіп және алдын-алу әдіс-тәсілдерін, кәсіби және іс жүзіндегі әрекеттері мәселесі бойынша нормативті және әдістемелік құжаттарды, дамуында ауытқулары бар оқушылар мен тәрбиеленушілермен жұмыс жүргізуге арналған бағдарламалы-әдістемелік әдебиеттерді, дефектология ғылымының жаңа жетістіктерін, еңбек туралы заңнамаларды, еңбекті қорғау тәртібі мен нормаларын, қауіпсіздік техникасын және өртке қарсы қорғау, санитарлық қағиданы.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
«Дефектология», «Логопедия» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білім.
Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтаумен қоса біліктілікке қойылатын талаптар:
санаты жоқ біліктілігі жоғары деңгейлі маман: «Дефектология» «Логопедия» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білім, еңбек өтіліне талап қойылмайды. Екінші санатты жоғары деңгейлі маман:
санаты жоқ жоғары деңгейлі дефектолог-мұғалімге, логопедке қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы, сонымен қатар: оқытудың жаңа әдістерін тексеруден өткізуі, озық тәжірибелерді игеруі, оларды қолданып, тәрбиеленуші тұлғалардың жалпы мәдениетін, әлеуметтенуін қалыптастыруды сараптау икемінің болуы, білім беру ұйымының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология» «Логопедия» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білім, дефектолог-мұғалім (логопед) лауазымында жұмыс стажы кемінде 2 жыл.
бірінші санатты жоғары деңгейлі маман: біліктілік деңгейі жоғары екінші санатты дефектолог-мұғалімге, логопед-мұғалімге, екінші санатты жоғары деңгейлі логопедке қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы, сонымен қатар оқытуда тәрбиеленушілердің ауытқуларын барынша түзеуге бағытталған сараптау әдістерін меңгерген, шығармашылық семинарларды басқара білу, педагогикалық озық тәжірибені ендіру, дефектологияның заманауи әдістерін меңгерген, қолдануға құқылы сертификаттары бар, білім беру ұйымының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысу, өз кәсіби құзырлығы саласына қажетті теориялық және практикалық білімінің болуы керек.
лауазымға қойылатын талаптар: «Дефектология» «Логопедия» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі немесе мамандыққа сәйкес жоғары білімі, логопед-мұғалім қызметінде еңбек өтілі кемінде 3 жыл.
жоғарғы санатты жоғары деңгейлі маман:
бірінші санатты жоғары деңгейлі дефектолог-мұғалімге, логопед-мұғалімге, қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар ғылыми-зерттеу, тәжірибелік жұмыстардың әдістерін білуі, жаңа бағдарламаларды құрастырып, оларды енгізуге жұмыстар атқару керек, арнайы педагогика саласындағы өзекті мәселелерді қарастырудағы шығармашылық топтың жұмысын басқару, өз кәсіби құзырлығы саласына қажетті теориялық және практикалық білімінің болуы қажет.
лауазымға қойылатын талаптар: «Дефектология» «Логопедия» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі немесе мамандыққа сәйкес жоғары білімі, логопед-мұғалім қызметінде еңбек өтілі кемінде 5 жыл.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Мемлекеттік білім беру ______________________ ______________________ |
|
|
Нысан |
||
конкурс жариялаған мемлекеттік |
|
_________________________________________________________________
кандидаттың Т.А.Ә. (болған жағдайда), ЖСН
_________________________________________________________________
(лауазымы, жұмыс орны)
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Нақты тұратын жері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефоны
Өтініш
Мені бос/уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа жіберуіңізді сұраймын (керегінің астын сызу керек)
________________________________________________________________
білім беру ұйымдарының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала / ауыл)
Қазіргі уақытта жұмыс істеймін
_________________________________________________________________
лауазымы, ұйымның атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала / ауыл)
Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:
Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі
Оқу орнының атауы |
Оқу кезеңі |
Диплом бойынша мамандығы |
Біліктілік санатының болуы (берген (растаған) күні):____________________________
Педагогикалық жұмыс өтілі:________________________________________________
Келесі жұмыс нәтижелерім бар:_____________________________________________
Наградалары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтері (болған жағдайда)
__________________________________________________________________
|
Мемлекеттік білім беру |
|
Нысан |
Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың бағалау парағы ___________________________________________________________
(Т.Ә.А. (болған жағдайда))
№ |
Өлшемшарттар |
Растайтын құжат |
Балл саны |
|
1. |
Білім деңгейі |
Білімі туралы диплом |
Техникалық және кәсіптік = 1 |
|
2. |
Ғылыми / академиялық дәрежесі |
Білімі туралы диплом |
Магистр немесе жоғары білімі бар маман = 5 |
|
Ұлттық біліктілік тестілеуі |
Сертификат |
"Педагог" біліктілік санатымен |
||
3. |
Біліктілігі/Санаты. |
Куәлік, өзге де құжат |
2 санат-1 балл |
|
4. |
Педагогикалық қызмет өтілі |
еңбек кітапшасы / еңбек қызметін алмастыратын құжат |
1 жылдан 3 жылға дейін = 1 |
|
5. |
Әкімшілік және әдістемелік қызмет тәжірибесі |
еңбек кітапшасы / еңбек қызметін алмастыратын құжат |
әдіскер= 1 балл |
|
6. |
Жұмысқа алғаш кіріскен педагогтар үшін |
Білім туралы дипломға қосымша |
Педагогикалық/кәсіптік практика нәтижелері |
|
7. |
Алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныс хат (еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде) |
Хат |
Оң ұсыныс хаттың болуы = 3 балл |
|
8. |
Кәсіби жетістіктердің көрсеткіштері |
- білім алушылардың дипломдары, олимпиадалар мен конкурстар жеңімпаздарының грамоталары, ғылыми жобалары; |
олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері-0,5 балл |
|
9. |
Әдістемелік қызмет |
- авторлық жұмыстар және жарияланымдар |
ҚР БҒМ тізбесіне енгізілген оқулықтардың және (немесе) ОӘК авторы немесе тең авторы – 5 балл |
|
10 |
Қоғамдық-педагогикалық қызмет |
- көшбасшылық |
тәлімгер-0,5 балл |
|
11 |
Курстық дайындық |
- пәндік дайындық сертификаттары; |
НЗМ ПШО, "Өрлеу" курстары |
|
Барлығы: |
Максималды балл – 83 |
|||