«Қабанбай батыр ауылы жалпы білім беретін орта мектебі»КММ
«Оқуға құштар мектеп» жобасының жүзеге асуы жөнінде анықтама.
2022-2023 оқу жылы
«Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін айқындайтын шарттардың бірі. «Кітап маған тақтан да қымбат», - деп атап көрсеткен Шекспир.
Президентіміз: «Кітап оқу – рухани кемелденудің көзі. Қазіргі уақыт – секунд сайын жаңарған ақпарат заманы. Алтын уақытымызды пайдалы істерге жұмсағанымыз жөн», – деген болатын. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі орта білім саласында «Оқуға құштар мектеп» жобасын қолға алды.
Жобаны Қабанбай батыр ауылы жалпы білім беретін мектебі былтырғы оқу жылынан бастап жүйелі жүргізуде.
Жобаның негізгі мақсаты – кітап оқу мәртебесін, оқырман белсенділігін арттыру және оқу сапасын арттыру, балалар мен жастардың мәдени және оқу құзіреттілігін дамыту, сондай-ақ қоғамда, жас ұрпақтың бойында жоғары азаматтық, рухани-адамгершілік бағыттарды қалыптастыру.
Алға қойған мақсат-міндеттерге жету жолында бастауыш сынып мұғалімдері аянбай қызмет етуде. Оқу жылының басынан бастап көптеген көркем шығармалар, ертегілер, аңыз-әңгімелер оқылды. Жобасының мақсат, міндеттерін іске асыру жолында жақсы нәтиже көрудеміз. Яғни білім алушылардың білім сапасы артқан, оқу динамикасы жоғарлаған, оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы байқалған. Жоба жұмысы жалғасын тауып, бұдан да жоғары нәтижелерге қол жеткіземіз деген ойдамыз.