"Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Қабанбай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ «Общеобразовательная школа села Кабанбай батыр отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Математика, физика және информатика пәндері бойынша пән апталығы 14.11.2022-18.11.2022 аралығында бекітілген кестеге сәйкес белгіленген мерзімде өткізілді.

24.11.2022

Математика, физика және информатика пәндері бойынша пән апталығы 14.11.2022-18.11.2022 аралығында бекітілген кестеге сәйкес белгіленген мерзімде өткізілді.
 Пәндік апталық аясында  ашық сабақтар, интеллектуалдық ойындар, түрлі байқаулар мен іс-шаралар өткізілді: мектеп фойесінде логикалық басқатырғылар және сөзжұмбақтармен безенділілген газеттер ілінді.
 Апталық аясында келесі іс-шаралар өткізілді:
 17 қараша күні физика пәні мұғалімі Сагнаев Д.Ж. 7 «Г» сыныбында «Определение плотности жидкостей и твердых тел» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ зертханалық зерттеу түрінде өтті. Зертханалық жұмысты дұрыс ұйымдастыру және өткізу материалды тікелей сабақта тиімді меңгеруге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мұғалім өз сабағында физика пәніне қызығушылықты арттыруға арналған виртуалды зертхана, электронды симуляторларды қолданды. 
  15 қараша күні мектеп директоры Сулейменова Б.К. 7«Г» сыныбында «Треугольники и его виды» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта оқушылардың ой-өрісін кеңейту жұмыстары сонымен қатар қоршаған дүниедегі математикалық ұғымдарды көру қабілетін ескеріп, ауызша және жазбаша математикалық сөйлеуді дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Сабақтың тағы бір ерекшелгі практикалық бағыттағы тапсырмалардың мол болуы. 
  17 қараша күні математика пәні мұғалімі Тукенова Ф.Ф. 9 «Г» сыныбында «Арифметическая прогрессия» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, сабақтағы жұмысты жандандыру мақсатында әр түрлі тексерулер қолданды. Интербелсенді  экраннан және тақтадан өзін-өзі тексеру, жұпта орындалған жұмысты өзара тексеру, барлық сыныптағы оқушышлардың жұмысын тексеру жұмыстары ойдағыдай болды. 
  Физика-математика пәндері апталығының барлық іс-шараларын мұғалімдер дайындап, жақсы деңгейде өткізді. Әрбір іс-шарада АКТ технологиялары қолданылып, түрлі-түсті презентациялар мен электрондық оқулықтар қолданылды. Іс-шаралар, өткізілген ашық сабақтар оқушылар үшін қызықты болды, оқушылардың көпшілігі  жұмысқа ынта-жігермен қатысты. 
Математика, физика,  информатика пәндері апталығында өткізілген барлық ашық сабақтар бейнекамераға түсіріліп, өңделіп мектептің бейнесабақтар қорына енгізілді.

 

Просмотров: 392


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст