«Қабанбай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 2022 жылдың 19-қазаны күні 5-11 сынып оқушылары арасында «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында бірыңғай жалпыреспубликалық эссе сайысы өтті.
Сайысқа 5-8 сыныптардан 511 оқушы, 9-11 сыныптардан 116 оқушы қатысты. Оқушылар эссе жазуға бір уақытта отырды, 45 минут уақыт берілді.
Сайыс нәтижесі бойынша 5-8; 9-11 сынып оқушылары арасында орындар берілді. Жұмыстарды бағалауда эссенің тақырыбына сәйкес болуы, мағыналық тұтастығы, ой байланысы және мазмұнының жүйелілігі ескерілді. Мәтінде қазақ тілінің лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық және стилистикалық нормалары, орфография мен пунктуация ережелерінің сақталуы есепке алынды.
5-8 сынып аралығында:
І орын – Жанекенова Даяна /7ә/, Сухоносова Валерия /8г/, Амиргалина Саида /8в/
ІІ орын – Сүйеніш Дильназ/7а/, Пьянкова Алина /7г/, Туракулова Лиана/8в/
ІІІ орын – Арманбек Айым /6а/, Кваша Леонид /6г/
9-11 сынып аралығында:
І орын – Досумбек Алдияр /11а/, Пурис Эвелина /11г/
ІІ орын – Мұратбек Айшагүл /9 а/, Сулейменова Альбина /9г/
ІІІ орын – Ахметова Жансая /9б/, Гасанова Асмар/10 в/
Оқушылар эсселерінде Қазақстанның болашағы жастар қолында, ал болашақта Қазақстан ғылым, білімі дамыған, халқы отаншыл, мемлекеттік тіл қолданысы кеңейген, өнеркәсіп, ғарышты дамытқан ел болатынына сенімді.