06.09.2022
Бүгін, Қабанбай батыр ауылының ЖОББМ-мен "Халықтар достығы үйі" бірлесіп мәдениет үйінде Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай және Қазақстан Республикасы" Тілдер мерекесінің" салтанатты ашылуын өткізді.
Қазақ тілі, орыс тілі пән мұғалімдері мен "Халықтар достығы үйінің" жетекшісі Светлана Николаевна "Тілдер мерекесі" аясында өтетін іс - шаралар жоспарымен таныстырып өтті.Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы таныстырылды.Мектебіміздің оқушыларының орындауында күй тартылып,ән орындалды. Үш тілде өлең шумақтары мәнерлеп оқылды.Жоғарғы сынып оқушыларының арасында викториналық ойындар ойнатылды.