Текст
2022 жылғы 27 тамызда "Ақмола облысы Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Қабанбай батыр ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ-де болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жиналысы өтті.
Ата-аналар жиналысының мақсаты:
Болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналарын баланы мектепке дайындау процесіне қосу үшін жағдай жасау.
Міндеттері:
* Ата-аналарды бір-бірімен таныстыру.
* Баланы мектепке бейімдеу жолдарымен таныстыру және осы тақырыпқа ұсыныстар беру.
* Баланы мектепке дайындау бойынша практикалық кеңестер мен ұсыныстар беру.