"Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Қабанбай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ «Общеобразовательная школа села Кабанбай батыр отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

10.01.2017

Бірінші жартыжылдық бойынша  есеп

Оқу жылы басталмас бұрын ата-аналар комитетінің төрайымдары бас қосып мектеп эмблемасын таңдады.

Бұған дейін алдын ала сайыс жарияланған болатын. Барлық суреттерді салыстыра келе тандау жасалды.

   

Мектепішілік ата-аналар жиналысы күзгі демалыс кезінде өтті. «Суицидті алдын-алу» тақырыбымен  «Отбасы және денсаулық» ҚҚ жетекші Р.Зиганшин өз лекциясын жүргізді.

«Арайлы, алтын күз» кештері үш күн жалғасты. Әр түрлі бағдарламалар өтіп, жеңіпаздар анықталды. Оқушылар

белсене қатысып, өнерлерін көрсетті.

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілген іс-шара жоғары дәрежеде өтті. Оқушылар көбінесе спортпен шұғылдану және витаминдер туралы әзілдер көрсетті.  Жоғарғы сынып оқушылары өзара  сайысып, марапатталды. 10-сынып оқушылары керемет ән салып, бәрімізді таңқалдырды.

  Мектепішілік олимпиада қорытындысын шығару линейкасы. Олимпиада қорытындысы 194 жүлделі орын иегері марапатталды.

       4-сыныптарда мүмкіндігі шектеулі яғни, үйден оқытылатын балалар келіп өз сыныбымен спорттық ойындарға қатысты. Екі топқа бөлініп, бірі – сары, екіншісі - ақ түсті футболка киіп, музыкалық сәлем жолдап қызықты сайыс өткізді.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына араналған  «А ну-ка парни!» 9-11 сыныптар мен жас мамандардың арасында спорттық және алғашқы әскери дайындығы бойынша байқау болды. Жас мамандар 1-орын алса, 11 сынып  2-орын алып, 3-орынды – 9 сыныптар иеленді.

    Ұстаз бен оқушыны  байланыстырып, патриоттық ән айтып «Екі жұлдыз» сайысына қатысқан 6 жұптың барлығы 2-кезеңге жіберілді. Бірінші кезеңге дайындықсыз  келген жұптарға ескерту айтылды. Біздің жетістіктеріміз:

    «Право быть услышанным» атты онкүндікте оқушылармен өткізілген семинар   көрінісі.

    Жартыжылдықтың қорытындысы жаңа жылдық кештермен аяқталды. Алдын ала өткізілу графигі

құрылды, сынып жетекшілерге тапсырма берілды. Әр паралель сыныптар бірігіп әдемі кеш ұйымдастырып, шырша тойын тойлады.

Просмотров: 3708


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст