"Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Қабанбай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ «Общеобразовательная школа села Кабанбай батыр отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

06.02.2017

Қабанбай батыр ауылы  №41 орта мектебінің жолдаумен танысу туралы ақпараты

Ақмола облысы, Целиноград ауданының Қабанбай батыр ауылы  №41 орта мектебінің бір топ ұстаздар қауымы

мен оқушылары 2017 жылдың 31 қаңтарында   «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деген тақырыппен  жарияланған елбасының жолдауын талқыладық. Биылғы жылы он тоғызыншы рет жолданып отырған Жолдаудың біздің болашаққа артар үмітіміздің ол үміттің орындалуына жасалатын істердің айқын бағдары айқын көрсетілген. Еліміз  25 жылдық даму кезеңінен абыроймен өтуіміздің өзі Елбасының салған дара жолының нәтижесі екені бәрімізге белгілі. Әр жылдағы халыққа арналған жолдауды еңкейген қарттан еңбектеген балаға дейін күтетіні даусыз. Біз елімізді мақтан тұтамыз. Табыстарымыз бен жетістіктеріміз туралы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойында атап өттік. Оларды бүкіл әлем біледі және жоғары бағалайды. Осы жетістіктің барлығы әлем мойындаған, Қазақстанды әлемге танытып мойындатқан елбасының еңбегі екенін бүгінгі күнге дейінгі атқарылып жатқан істері айқын дәлел.

2017 жылдың басынан бастап Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болды. Биыл Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтеді. Мұндай өте маңызды әлемдік деңгейдегі іс-шараны біз ТМД және Орталық Азия елдерінің арасында бірінші болып өткіземіз.

Алматыда Универсиада-2017 спорт ойындары өтіп жатыр.  Оған 57 мемлекеттен 2 мыңнан астам  спортшы мен делегация мүшелері қатысуда.

Осының барлығы Қазақстанның халықаралық аренада жоғары беделге ие болғанын және саясатымыздың дұрыстығын көрсетеді.

Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуға тиіс. Біз осы мақсатқа қарай табандылықпен ілгерілей береміз. Жолдауда көрсетілген бағыттар жүретін жолдың айқын болуы үшін жағылған шам-шырақтай, көрсетілген әр-бір басымдық пен жүктелген міндет   әр адамның өміріне, жарқын болашаққа жетелейтіні анық. Соңғы сөзімді елбасының өз сөзімен аяқтағым келеді. Мемлекет құру жолында теңдессіз, мол тәжірибе жинап, жаңа кезеңге қадам басып отырмыз. Алдымызда қандай қиындықтар кездессе де, оларды еңсере алатынымызға сенімдімін. Біздің басты күшіміз – бірлікте. Қазақстанды кейінгі ұрпақ үшін бұдан да өсіп-өркендеген елге айналдырамыз!

Просмотров: 494


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст