Текст
1-наурыз Алғыс айту күніне орай Қабанбай батыр ауылының
№41 орта мектебінде өткізілген мерекелік концерт туралы ақпарат
«Қазақстан – бақыт мекені» атты мерекелік концертімізге ата-аналар, ұстаздар ұжымы, оқушылар қатысты.
Мақсатымыз: барша қауымды мерекенің ерекшелігімен таныстыру, бір-біріне жылы лебіз көрсетуге шақыру, әр нәрсеге алғыс білдіре білуге насихаттау болды. Әдемі концертіміз М.Мақатаевтың «Бақыт» өлеңімен ашылды.
Бұл өлеңді тыңдап, көрермендер бір сәт бақыттың не екенін түсінгендей болды.
Содан кейін «Жаса, Қазақстан» әні шырқалып залымызды жандандырып, патриоттық сезімдерін оята түсті. Концерт «Айгөлек», «Қазақ биі» және әр түрлі көңілді әндермен жалғасты.