Текст
Қабанбай батыр ауылы №41 орта мектебінің «Жеңіс күні» мейрамын өткізу туралы ақпарат
9-мамыр Жеңіс күнінде ауылдық мәдениет үйінің алаңында ауыл тұрғындары, мектебіміздің барлық ұжымы және оқушыларымыздың қатысуымен салтанатты жиын өтті. Бұл жиынға қатысуға арнайы мектепішілік саптық әндер шеруі 7-11 сыныптар аралығында өткізіліп, жеңімпаздар 9-мамырда өз өнерлерін көрсетті. Ауыл ардагерлері шеруді қызыға тамашалап, барлық келушілер ескерткіштерге гүл шоқтарын қойды.