Текст
Қабанбай батыр ауылы №41 орта мектебінде «Қыз Жібек» клуб мүшелері
жылдық қорытынды есеп кешін өткізгені туралы ақпарат
Оқу жылының басында мектебімізде 9-сынып қыздарымен Б.Б. Алибекова жетекшілік етіп «Қыз Жібек» клубы құрылды. Аптасына бір кездесу жасап, қыздардың жүріс-тұрысы, киім киісі, шаш үлгісі, қыз қылығы туралы әңгімелер жүргізді. Қыздар қызығушылықпен келіп, өзара сырласып, ой бөлісуді үйренді. Осы жыл бойғы еңбектерін қыздар жетекшісімен бірге әдемі кеш ұйымдастырды. «Қыз Жібек» клуб мүшелерінің қорытынды есеп кештері өте жақсы ұйымдастырылып, баршаның көңілінен шықты.