"Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Қабанбай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ «Общеобразовательная школа села Кабанбай батыр отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

16.09.2017

«Белсенді өмір – жүз жастық ғұмыр!» атты денсаулық фестивалі туралы ақпарат

    Мектебімізде жаңа оқу жылының бастамасы ретінде дәстүрлі түрде  «Белсенді өмір – жүз жастық ғұмыр!»  атты денсаулық фестивалі өтті. 1-11 сынып және ұстаздар ұжымы жиналып ашылу салтанатымен басталды. Ашылуында мектеп директоры және дене тәрбиесі бірлестігінің жетекшісі құттықтау сөз айтып, АДС спортшылары  тамаша көрсетілім көрсетті.

Қызыл ту, пионербол, көңілді мәре, футбол, тоғызқұмалақ, дойбы сияқты түрлі ойындар ойнатылды.    

Әр сыныппен сынып жетекшілері бірге қатысып оқушыларына демеу болды. Оқушылар спорт ойындарына өте қызығушылықпен ынта жігермен қатынасып өте белсенділік көрсетті. Ойындардың қорытындысына келер болсақ, «қызыл ту» ойынында 9 а сыныбы І орын, 11а – ІІ орын, 9 б – ІІІ орын. Ал «қызықты мәре» ойыны ұзаққа созылып, ойын соңы достық жеңісімен аяқталды. Футбол, пионербол ойындары да өте қызықты өтіп 8б, 7в, 6а сыныптары І орынға ие болды. Тоғызқұмалақ ойынында 9 а сынып оқушысы Рахимов Ұ., 8а сынып оқушысы Сайдалина Д. жеңіс тұғырына көтерілді. Жоғары сыныптар арасында Жарматова П. бірінші орынды иеленді. Ұлдар мини футбол ойнап, жүлделі орынды қоржындарына байлады. Мұғалімдер қауымы стадионды бірнеше айналып жеңіл жүгірді. Денсаулық фестивалі көңілді өтіп, оқушыларды қызық пен қуанышқа бөледі.

Просмотров: 958


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст