"Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Қабанбай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ «Общеобразовательная школа села Кабанбай батыр отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

17.11.2017

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жолдамасы аясында

оқушылар арасында қыркүйек – қазан айында  өткізілген іс – шараларының ЕСЕБІ

Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар» рухани жаңғыру атты жолдамасы аясында  мектебімізде жан – жақты дамыған, еңбекке қабілетті, өз елін, жерін құрметтейтін, салт – дәстүрін сақтап меңгерген тұлғаны дамыту барысында бірнеше мектепішілік іс – шаралар өтті. Атап айтсақ,  Тәрбие және білім саласы бойынша 04.09.2017 жылы 1-11 сыныптар арасында «Мен – өз елімнің патриотымын» атты тәрбие сағаты өтті. 

 

   

  Рухани қазына саласы бойынша  «Тіл – ұлттың қазынасы» атты Тілдер  он күндігіне  орай  өзге ұлт өкілдері арасында  мәнерлеп оқу сайысы, сурет байқауы, сыныптар арасында жарыстар, викториналық ойындар болды. Көзделген мақсат, қазақ тіліне деген құрмет пен сүйіспеншілік ояту болды. Оқушылар белсене ат салысты.       

Еліміздің  мүддесін ойлайтын, экономикалық бәсекелестікке қабілетті, білім мен өнерге  құштар, рухани және адами құндылықтарды бойына дарытып, әділетті, қайсар тұлғаны қалыптастыру мақсатында «Жас Ұрпақ» өзін – өзі басқару ұйымы құрылды. Аталған ұйымға оқушылар арасында сайлау өткізіліп, ұйым мүшелері сайланды.

Сонымен қатар, еңбекке қабілеттілігін арттыру, салт – дәстүрді  меңгерту  барысында сенбіліктер, спорттық іс – шаралар, ұлттық ойындар үйірмелері бар, оқушылардан құрылған бірнеше танымдық клубтар бар.  Қорытындылап айтсақ, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жолдамасы аясында өткізілген іс – шаралар арқылы оқушы бойында адами құндылықтар қалыптасады деген сенімдеміз.

Просмотров: 1226


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст