«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының ұйымдастыру жоспарының ЕСЕБІ
«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.
Осындай міндеттерді негізге ала отырып, №41 орта мектебі мемлекеттік коммуналдық мекемесінің акт залында «Адал ұрпақ - болашақ негізі» атты тақырыбында жиын өтті. Мектеп ұжымы мен 5-11 сынып оқушыларының
қатысуымен өткен жиын мектепте аса өнегелі, жауапты бастамашыл және әлеуметтік құзырлы азаматты немесе
патриотты қалыптастыру үшін жағдайлар жасау, заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатын көздеді. Жиын барысында ел тарихына шолу жасалып, мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимылдар жайында бейнеролик көрсетілді. Мектеп директоры Сулейменова Б.К. сөз сөйлеп, жиынның маңыздылығына тоқталды.
Еліміздің алдынғы дамыған елдер қатарына енуіне, мемлекетімізді өркендетуде болашақ ұрпаққа білім
мен тәрбие бере отыра, оқушылардың биік жетістерге жететіндеріне сенім білдірді.
Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы 5-11 сынып оқушылары арасынан 10 оқушыдан тұратын «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылды. Клубқа 11 сынып оқушылары Сембай Шолпан, Ерасыл Серік, 10 сынып оқушылары Канаткызы Гаухар, Жамиева Кульшат, 9 сынып оқушылары Карсаева Карина, Мирас Жалиев, 8 сынып оқушысы Турсынгазы Диана, 7 сынып оқушысы Жанбыр Енлик, 6 сынып оқушысы Жумабай Асылым, 5 сынып оқушысы Толеугазина Нурсая. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жетекшілері Ткачева А.М, Смагулова Б.Ж. оқушыларды отансүйгіштікке, азаматтылыққа, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне құрметті, адамгершілік сезімдер мен этикалық сананы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін, еңбексүйгіштікке, оқуға, өмірге жасампаздықпен қарауға тәрбиелеу мақсатында клуб мүшелерінің ұйытқы болуымен «Парасатты азамат» бұрышы жасалып, онда құнды ақпараттар жинақталды. Оқушылардың назарына адал еңбек ету керектігі, еңбек түбі-береке екені айтылып өтті. «Жемқорлық дегеніміз не?», «Жемқорлықтың қалай алдын алуға болады» сынды тақырыптарда әңгіме қозғады. Әр оқушы өз ойларын еркін жеткізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы екендерін білдірді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыс жоспарына сәйкес қыркүйек айының 9-ы жұлдызында «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» атты тақырыпта ата-аналар жиналысы өтілді. Жиналысқа 5-11 сыныптан 30 ата-ана қатысты. Жиналыс барысында құқықтық тәрбиелеуде және құқық бұзушылықтарға, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін қалыптастыруда отбасының рөлі көрсетілді.
Ата-аналарға балаларда құқықты, заңдарды, құқылық тәртіпті құрметтеуге тәрбиелеу бойынша жадынамалар таратылды.
«Бүгінгі оқушы ертеңгі еліміздің, жарқын болашағымыздың айқын бейнесі»-деп ата-аналар комитетінің төрайымы Кайсина Ж.А атап өтті. Аталмыш тақырып бойынша Р.Н.Имамбекова және М.К.Асанова бейне-фильмдер мен «Жемқорлық дегеніміз не?», «Жемқорлықтың қалай алдын алуға болады» тақырыптарында ақпараттар беріп, «Адал Ұрпақ» топ жетекшлері Смагулова Б.Ж. мен Ткачева А.М. баяндамаларды оқыды. Ата-аналар бір ауыздан жемқорлыққа қарсы екендерін білдіріп, өз балаларын адал етіп, өз елін, жерін сүйетін патриот болуларына тәрбиелейтіндіктері туралы айтты. Жиналыстың қорытындысы бойынша мектеп директоры Сулейменова Б.К. сөз сөйлеп, жиынның маңыздылығына тоқталды. Еліміздің алдынғы дамыған елдер қатарына енуіне, мемлекетімізді өркендетуде болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие бере отыра, оқушылардың биік жетістіктерге жететіндеріне сенім білдірді.
Мектеп оқушыларының арасында «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында сурет көрмесі өтілді. Көрменің мақсаты оқушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеудің негізгі міндеті – құқықтық сананы қалыптастыру болды. Көрмеге 5-8 сынып оқушыларының суреттері қойылды. Жеңімпаздар мектепшілік лездемеде мақтау қағазымен марапатталды.