Елін сүйген асыл ер!
Осыдан бірнеше жылдар бұрын еліміздің тәуелсіздігі қарсаңында депутаттарымыздың қолдауымен 1–желтоқсан
Тұңғыш Президенттің күні ретінде мемлекеттік мерекелерінің қатарына қосу туралы ұсыныс жасалған болатын.
Міне, осылай 2012-жылдың желтоқсанынан бастап бұл күн тұғыры биік мемлекеттік мерекемізге айналып отыр.
Біздің елдің маңдайына біткен елбасымыздың қазақ еліне жасаған орасан зор еңбектерін тізбектеу мүмкін емес. Елбасымыздың қолдауымен еліміз аяғына нық тұрып, әлем жұртына таныла бастады.
Оның құнды идеялары, ұлтымыздың санасын жаңғыртудағы бағыттары, салиқалы стратегиялары барлығы да халық игілігі үшін жүзеге асып, өз жемістерін беруде. Еліміздің экономикалық даму көрсеткіші де бүгінгі таңда жоғары бағаланып отыр. Азия мемлекеттерінің ішінен суырылып шығып, қарқынды дамумен әлемді қызықтыра да қызғандыра да білген еліміз, әлі талай елдерді шаң қақтырары сөзсіз. Жаңа туған жөргектегі сәбидей бағып, қағып, балалық, бозбалалық кезеңдерден өткізіп бүгінгідей ақыл тоқтатқан нағыз ердің жасына аман-есен жеткізген ел басына мың тағзым!
Кешегі ми дала Ақмоламды жандандырып қана қоймай, ару қала, елдің жүрегі Астанасы етіп, жоқтан бар жасаған еңбегін қалай ұмытайық!
Көптеген ұлттарды бір шаңырақ астына жинап береке мен бірлікті ту еткізіп, бір арнада тоғыстыру да елбасымыздың басқару шеберлігінің өте жоғары екенінің айқын дәлелі емес пе.
Айтпасқа болмайтын тағы бір жайт елі мақтанатын үлкен жоба ол 2017 жылы Астана қаласында ұйымдастырылған «EXPO-2017» халықаралық көрмесі. Біздің елдің мәдени-тарихи тағылымымен, тұрмыс-тіршілігімен танысу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен көптеген туристер ағылып келді. Бұл көрме біздің тек экономикамызды ғана емес, қазақ елінің абыройын тағы бір асқақтатты.
Елбасының "Рухани жаңғыру" атты мақаласы аясында еліміздің барлық аймақтарында түрлі мәдени, ғылыми іс-шаралар өткізіліп жатыр.
Бұл жолдаудың тұтас қоғамға әрбір қазақстанға берері мол!
Мемлекетіміздің басшысы, халқының жанашыры елін сүйген асыл-ер, елбасындай біртуар азаматы бар қазақ елі бақытты!