Текст
Қабанбай батыр ауылының №41 ОМ
«Қамқоршы күні» есебі 2017-2018 оқу жылы
Қазанның 29-ы жетім және ата-ана қарауынсыз қалған балаларға пана болып жүрген қамқоршылар күні. «Жетім көрсең жебей жүр» деген халық даналығынан ой түйіп, ата-анасынан айырылған балаларға мейірім шуағын төгіп, жанашырлық танытатын жандар арамызда аз емес. №41 ОМ әлеуметтік педагогтары мен сынып жетекшілері игі тілегін жолдап, қамқоршыларға сыйлықтар тарту етті. «Қамқоршы күні» жылылық пен ынтымақтастық жағдайында өтті.