"Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Қабанбай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ «Общеобразовательная школа села Кабанбай батыр отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

15.12.2017

Латын әліпбиіне көшу – заман талабы

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің кезекті Жолдауларының бірінде: "Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманға ақпараттың тіліне айналдырады"-деген болатын. Елбасымыздың елдің алдына қойған мақсат-бағдарына өз ой үлесімізді қосу үшін, біз латын әліпбиіне көшу барысында не ұтамыз, латын әліпбиі бізге не береді? деген сұрақ аясында біздің мектеп оқушыларынан құрылған «Сөз мерген» дебат клубы мүшелерінің  пікірлері тыңдалып, ой талқыға салынып «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы ма» деген тақырыпта пікір талас өткізілді. Көрермен ретінде 9-11 сынып оқушылары қатысты. "Рухани жаңғыру - ұлт болашағы" деп, елбасымыздың бүгінгі жас ұрпаққа көрсетіп отырған сара жолын оқушылардың бірауыздан қолдайтынын, олардың ұтқыр, өзекті пікірлерінен және іс-шараға қатысқан ұстаздардың қосқан жүйелі ойларынан анық көрінді. Тарих пәнінің мұғалімдері М.Е.Рапишев, М.М. Латыпов, Н.Н. Нарбаева, С.С.Айтмаганбетова оқушылардың үздік ойларына жоғары баға беріп, өз пікірлерін білдірді.

Просмотров: 534


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст