"Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Қабанбай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ «Общеобразовательная школа села Кабанбай батыр отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

29.01.2018

  Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың 

 «Қазақстан халқына жолдауы алдындағы өтінішіне»                                         

 Қабанбай батыр ауылы №41 орта мектеп  ұжымының пiкiрі

Мемлекет  басшымыз Жолдау алдында өтінішін хабарлады. Биылғы  Жолдауда жүзеге асырылуы тиіс 10 міндет айқындалдғанын жариялады. Еліміздің 30 елдің қатарына еңгізу мақсатында мемлекетіміздің  әлеуметтік-экономикалық  жағдайын жақсарту үшін осы Жолдау төртінші жаңару болатынын  атап айтты. Бiз тәуелсiз елiмiздi

сақтап, болашағы зор, дамыған мемлекетке айналдық. Елiмiздi бүкiл әлем танып, көк туымыз биiк шыңдарда желбiреп келедi. Мемлекет тарапынан бағдарламалар құрылып, әр саланы дамытуға көмек көрсетiліп келеді.

 Елбасымыз әрдайым бiлiм жүйесiн өз назарында ұстайды, осы жылғы жолдауда «Білім жүйесінің барлық деңгейі қазіргі заман талаптарына, экономика қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс. Мұғалім мамандығының беделін көтеру керек» -деп қуантты.  Бiздiң мектеп  ұжымы  Республика Президентiнiң әрдайым бiлiм беру саласына катысты идеяларын қолдайды, осы құжатта көрсетiлген мiндеттердi жүзеге асыруда белсендiлiк танытып, елiмiздiң кемел келешегi үшiн елеулi үлес қосамыз.                                                              

Елбасы Жолдауында көрсетiлген асқаралы мiндеттердi абыроймен орындау — әрбiр қазақстандықтың Отан алдындағы перзенттiк борышымыз деп бiлемiз.  Елбасының халыққа арнаған  Жолдауынан мақсатымыз анық, болашағымыз нұрлы, әл-ауқатымыз жақсы болатынына сенімдіміз.

 

Просмотров: 509


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст