Қабанабай батыр ауылы №41 орта мектебінде
«Вирустық Гепатит А» жұқпалы аурудың алдын алу іс-шаралары бойынша есеп
Вирустық гепатиттер - кең тараған және адамға қауіпті жұқпалы аурулар тобы, олардың бір бірінен айырмашылығы әжептәуір, әртүрлі вирустармен қозады, бірақ бәріне ортақ белгі - бірінші кезекте адамның бауырын залалдайды және оны қабындырады.
Елімізде гепатит А жұқпалы ауруларына шалдыққан адамдардың көбеюіне байланысты алдын алу іс-шаралар
ұйымдастырылып жатыр. Мектебімізде оқушыларымыздың денсаулығын сақтап қалу үшін, ауырмаудың жолын іздеу мақсатында арнайы алдын алу іс-шараларын қолға алдық. Біріншіден директордың бекітуімен арнайы жоспар құрылды.
Жоспарға сәйкес дүйсенбі күні мектеп ұжымына жиын өткізіп, осы жұқпалы ауру туралы мәлімет беріліп, оқушыларымызға жеткізудің жан-жақты әдістерін қарастырдық. Медбике Миллер Р.В. ұйымдастырумен үлестірмелі брошюра, санбюллетень және арнайы қабырға ақпараттары ілінді. Ата-аналарға жұқпалы ауру туралы памяткалар
таратылды. Сейсенбі және сәрсенбі күндері І, ІІ ауысымға мектепішілік сап түзеуде барлық мәліметтер айтылып, бейнероликтер көрсетіліп, қол жуудың дұрыс әдісімен оқушыларды жаттықтырдық. Оқушылар түгелдей қайталады, сонымен қатар дәретхана, асхана қол жуғыштарында арнайы сурет ілінгенін, соған қарап үйренулерін хабарладық.
Сынып жетекшілер сәрсенбі күні жаппай осы тақырыпта тәрбие сағаттарын өткізді. Ақпан айында 14 жасқа дейінгі оқушыларға екпе жасау жоспарлануда.