Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік тілді латын әліпбиіне өту туралы
жарлықтың бекітілуі бойынша өзекті ой
Рухани жаңғыруымыздың Темірқазығына айналған Латын әліпбиіне өту мәселесі ақыры шешімін тапты. Кеше
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойды. Қоғамдағы ең қызу пікірталастың өзегі болған латын әліпбиін талқылауға жалпы халық белсене қатыстырып, дұрыс шешімнің бекітілгеніне қуаныштымын. Бұл туралы Елбасының өзі: «– Латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің ұсынылған жобасын бекіту туралы жарлық шығару қажет. Комиссия жұмысын аяқтады. Соңғы нұсқа жарияланды. Ғалымдар, тілтанушылар, саясаткерлер, жастар және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері ортақ мәмілеге келді. Жалпы, қоғам қолдап отыр,»– деп мәлімдеді. Бір қуантарлығы, ұзақ уақыт халық санасында әр түрлі пікірлердің қалыптасуына нақты шешім қабылданғаны. Бастапқы нұсқасы талай дау тудырып, бәрімізді алаңдатты. Жаңа нұсқада бұл талап толық шешімін тауып, енді олар бір әріппен, әріптің үстіңгі оң жағына ноқат қойылып, апокрифпен белгіленеді. Қорытындысында, халық көңіліне қонымды латын қарпіндегі жаңа әліпби жобасы дайын болды. Елбасымыз қай тұрғыдан болмасын, асығыстыққа жол бермей, ресми жұмыс тобының Парламентке ұсынған қазақ/латын әліпбиі жобасының қанатқақты нұсқасын күллі қоғамның талқысына салып, хабарлап отырды. Сол себепті, болашақ ұрпағымыздың өз мемлекеттік тілімізді толық меңгеріп, деңгейін жоғарлатуға жол аштық деп ойлаймын. Ендеше, еліміздің рухани жаңғыруының алтын арқауы – тіліміздің табиғи болмысын сақтап қалуға бар күш-жігерімізді салайық.