Текст
-29 қыркүйек күні Назарбаев Университеті ашық есік күнін өткізді.
Қабанбай батыр ауылы №41 орта мектебінің 20 озат оқушылары, сынып жетекшілері А.Ж.Инкарбекова,А.В.Лузанова мен бірге барып қайтты.
Университет келген қонақтарына сағат 11:00-ден 19:00-ге дейін ауқымды бағдарлама жасаған. Біздің мектептің оқушылары өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, көп ақпаратпен танысты, керемет есте қаларлық сәт болды.