2022 жылғы 11-сынып түлектеріне аттестат табыстау салтанатты жиыны туралы ақпарат
Бірінші болып 29 аттестатты тапсыру рәсімін Қабанбай батыр ауылының ЖМ КММ директоры Сулейменова Ботакоз Казкеновна ашты.
Іс-шараның құрметті қонақтары Целиноград ауданының мәдениет үйі директорының орынбасары Олжас Боранбайұлы.
Педагогикалық еңбек ардагері: Лузанова Светлана Николаевна. Мектептің қамқоршылық кеңесінің жетекшісі: Кудабаев Болат Ислямович. Түлектеріміздің алғашқы ұстаздар шақырылды: Оспанова Р. М. Дусенбаева Р. А. Альжанова Г. К.Циколенко Л.М
Жалпы орта мектепті үздік білімі мен жетістігі үшін "Алтын Белгі" медалін: Кенжебек Аружан мен Кусаинова Гулфаруз алды.
Жалпы орта білім туралы үздік аттестатты Исина Аяжан мен Хадеева Анастасия алды.
2022 шығарылым біздің мектептің ерекше түлектері ең керемет, қызықты, ерекше тұлғалар.
Түлектерге жүректерінің бір бөлігін берген мұғалімдерге көптеген жақсы сөздер айтылды.
Құрметті түлектер, біз сіздерді осы тамаша мерекемен тағы да шын жүректен құттықтаймыз. Мектепте алған біліміңізді көбейтіп, Қазақстанның өркендеуі үшін абыроймен пайдаланасыз деп үміттенеміз.