Текст
5-қыркүйек «Қазақстан халықтары тілдері күні»
Биылғы жылы 5 –қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күні болып бекітілуіне байланысты, біздің мектебімізде 5-қыркүйек пен 22-қыркүйек аралығында осы мерекенің аясында атқарылатын іс-шаралар жоспарланды. Мектеп ұжымымен ауылымыздың «Достық» үйі бірлесе отырып 5-қыркүйек күні Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне және Қазақстан халқы тілдері күніне арнайы дөңгелек үстел ұйымдастырылды.