«МЕКТЕПТЕГІ МАТЕМАТИКАЛЫҚ БІЛІМ:
ЖАҒДАЙЫ, ПРОБЛЕМАЛАРЫ,ҰСЫНЫСТАР»
тақырыбында өткен Целиноград ауданының математика пәні мұғалімдерінің форумы бойынша есеп.
Ағымдағы оқу жылының 13 мамыр күні «Қабанбай батыр ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында «Мектептегі математикалық білім: жағдайы, мәселелері, ұсыныстары» тақырыбындағы аудандық математика мұғалімдерінің форумы өтті. Форумға Целиноград ауданының білім бөлімінің маманы Бейболатова М.К. және 47 математика пәні мұғалімлері қатысты. Форумның мақсаты - ауданның білім беру мекемелерінде математиканы оқытуды жетілдіру.
Форумда аудан мектептерінде математикалық білімнің дамуы мен жағдайы, математиканы тереңдетіп оқыту, математика пәні мен дидактикалық материалдардың мазмұнына қатысты сұрақтар, математика пәні мұғалімдерінің мәртебесін көтеру, математикалық білім беру сапасын арттыру сынды мәселелер талқыланды.
Форум екі секция бойынша жұмыс істеді: Әр секцияда мұғалімдердің баяндамалары әр түрлі жұмыс түрлерімен сипатталды: баяндама, коучинг, мастер-класс.
1-секция: Математика сабақтарында оқушылардың танымдық әрекетін ынталандыру-оқыту сапасын арттыру құралы тақырыбының төңірегінде мәселе қозғаса,
2 – секция: Функциялық сауаттылық- қазіргі білім берудің негізгі бағыты тақырыбында жұмыс атқарды.
1-ші секцияда алғашқы болып сөз алған Қабанбай батыр ауылының жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі Садвакасова А.Т. оқушыларды ынталандыру барысындағы атқарып жатқан жұмыстарының түрлерімен таныстырып мұғалім-оқушы-ата-ана арасындағы байланыстың маңызды екендігіне кеңінен тоқталып өтті.
Қарамеңді батыр ауылының математика пәні мұғалімі Айметова Гульнур Мойлыбаевна өз сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы атқарып жатқан жұмыс түрлерімен таныстырып шеберлік сыныбын өткізсе, Мортық ауылының негізгі мектебінің математкиа пәні ұстазы Ускина Жанар Советовна шағын жинақталған мектептердегі қиыншылықтарды жеңу жолдарында қандай жетістіктерге жеткені туралы ой бөлісті.
Осы секцияда модератор қызметін атқарған Қабанбай батыр ауылының жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі Куанышбекова Ардак Иргебаевна оқушылардың ынтасын арттыру мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану қажеттігін айта келе, өзінің облыс көлеміндегі таратқан іс-тәжірибесімен бөлісіп, практикалық жұмыстарды өткізді.
2-ші секцияда алғашқы болып Қоянды ауылының №1 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Оған Өрнек қазіргі таңдағы білім жетістіктерін зерттеудің негізгі бағыттарының бірін құрайтын функционалдық сауаттылық туралы мәселе қозғады. Мұғалім өз баяндамасында оқушылардың оқу-танымдық құзіреттілін арттыруға арналған іс-тәжірибесінен үзінділер көрсетті.
Қарамеңді батыр ауылының математика пәні мұғалімі Абдуалиева Дарига Зейнуловна «Математика сабақтарында математикалық және мағыналы оқу үрдісіндегі функциялық сауаттылықты қалыптастыру» тақырыбына шеберлік сыныбын өткізсе, Қабанбай батыру ауылының жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі Гофман Светлана Петровна «Математика пәнінен функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмалар қолданылған тиімді сабақ» тақырыбына арналған коучинг әзірледі. Коучингте оқушылардың сауаттылықтарын арттыруда тиімді тәсілдерді қалыптастыру үшін өзекті мәселедер қарастырылды.
Жаңаесіл ауылының жалпы білім беретін мектебі математика пәні мұғалімі Кожабекова Гульзада Жусупбековна математика сабақтарында АКТ-ны пайдалану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттырудың түрлерін айта келіп өзінің іс-тәжірибесінде қолданып жүрген бағдарламаларымен таныстырды.
Секция жұмыстарында математика сабағында оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру жолдары талқыланды. Баяндамашылардың сөздері әріптестер арасында үлкен қызығушылық тудырды. Секциялардың жұмыстары нәтижесінде сарапшылар тобы келесі ұсыныстарды білдірді:
- Инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың математика пәнінен білім сапасын, оқудағы ынтасын, танымдық дербестігін, шығармашылық белсенділігін арттыру.
- Мәтіндермен тереңірек жұмыс жасауды қамтамасыз ету. Оқушылардың назарын мәтіннің ерекшеліктеріне аударыңыз, оқу барысында тірек сөздерді, сөз тіркестерін және маңызды бөлімдерді бөліп көрсетуге үйрету.
- Озық пелагикалық тәжірибені тарату бойынша сабақтардың әдістемелік әзірлемелер банкіне материалдар жинауды жалғастыру.
- Тапсырмаларды кіріктіру арқылы математикалық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмалар жинағын құрастыру.
- Оқушыларды ғылыми-практикалық конференцияларға, олимпиадаларға, жобалық іс-шараларға дайындау үшін негізгі құзыреттер жүйесін меңгеру арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту және қолдану.