"Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Қабанбай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ «Общеобразовательная школа села Кабанбай батыр отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аудандық іріктеу дебат турнирі өтті

04.05.2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Тоқаевтың 2022 жылды "Балалар жылы" деп жариялауына  орай 26-сәуірде Ақмола облысы Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылында  ой ұшқырлығын, сөз шеберлігін, таным деңгейін шыңдайтын аудандық іріктеу дебат турнирі өткізілді. Турнирге Р.Қошқарбаев ауылының ЖББОМ, Қызылжар ауылының ЖББОМ,  Жалғызқұдық ауылының ЖББОМ, Жарлыкөл ауылының ЖББОМ дебат клубы жетекшілері от тілді, орақ ауызды, жүйрік ойлы оқушыларын әкеліп қызу пікірталас өтті. Ортаға салынған тақырыптарда пікірталастың қазанын қайнатып, ойыншылардың эмоциясын көрсете алуға әсер етті. Атап айтар болсақ "АЭС-тің пайдасы мен зияны қаншалықты?",  "Балалар туралы заң ата-ана құқығын шектейді ме?", "Жасанды интеллект қаншалықты қауіпті",  "Заманауи әлемде рухани құндылық жетіспейді"  Тартысты өткен ойын қорытындысы бойынша Жүлделі орындарды Жалғызқұдық ЖББОМ иеленді клуб  жетекшісі: Шакиров А.Б., 1-орын  Қызылжар ЖББОМ клуб  жетекшісі: Мадинаш А., 2-орын Жарлыкөл ЖББОМ клуб жетекшісі: Тулебаева Н.К.,  Қабанбай ЖББОМ жетекшісі: Шарденбаева С.С., 3-орын Қошқарбаев  ЖББОМ жетекшісі: Жургенбаева М.Қ. Ой жүйріктігімен, сөйлеу шеберлігімен "Үздік спикер" атанған оқушылар Қызылжар ЖББОМ 9-сынып оқушысы Мүбәрәк Рамазан, Жалғызқұдық ЖББОМ 9-сынып оқушысы Жармағанбетова Хадиша , Қабанбай батыр ЖББОМ 8- сынып оқушысы Нұрмамбетов Молдатай. Жаңа Қазақстанның жарқын болашағының туын биік көтеріп, керегесін нық ұстайды деп сенім білдіруге болатын  білімге қызығып, өз ойын сауатты, нық, еркін жеткізе алатын осындай оқушыларымыздың бары көңілге қуаныш пен мақтаныш орнатады.

Дебат ойынын зерттеп, зерделеген, оң мен солын анықтап ажырата білетін,  ұстаздарымен қатар отырып төрешілік жасауға білімдері жететін жас буын жеткіншек төрешілерді осы ойында анықтап, төрешілік қасиеттерін шыңдадық. Олар Қабанбай батыр ауылы ЖББОМ "Парасат" дебат клубының мүшесі 8-сынып оқушысы Қасымхан Аяжан және Жалғызқұдық аулының ЖББОМ 9-сынып оқушысы Аманжол Аяжан.

Оқушылардың  еңбектерін бағалап, ынтасын арттыру үшін дебат клубының жетекшілерінің бір ауыздан шешімімен жүлделі орындар иеленген оқушыларды аз болсада қаржылай және мақтау қағазымен марапаттадық.

 

 

Просмотров: 742


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст