25 мамыр Қабанбай батыр ауылы №41 орта мектебінде соңғы қонырау салтанаты өтті. Биылғы 63- жылғы мектеп бітіруші 43 түлек шықты. Соңғы қоңырау салтанатты жиынына барлық сыныптың оқу үздіктері қатысты. Құттықтау сөзі мектеп директоры Сулейменова Ботагоз Казкеновнаға берілді. Салтанатымыздың қонағы ретінде аудан әкімінің хатшысы Ибраев Б.М. және Кабанбай батыр ауылынын әкімі Жәнібек Толқынбекұлы қатысты. Осы күні түлектер өздерінің соңғы қоңырауға мектеп вальсін биледі. Мектеп бітіру күніне арналған екі ән орындалды. 1-сынып оқушыларынан 3 оқушы қазақша, орысша, ағылшын тілінде жылы лебіздерін білдірді. Қоңырау беру рәсімі 11 сынып оқушысы Калиев Диас және 1 сынып оқушысы Рахымжан Кәусарға берілді.
Дәстүр бойынша түлектер 10 сынып оқушыларына мектеп кілтін тапсырып, 10 сынып оқушылары түлектерге тәтті сыйлық ретінде торт сыйлады.