"Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Қабанбай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ «Общеобразовательная школа села Кабанбай батыр отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Түлектермен кезедсу

23.05.2019

17.05.2019 ж. күні № 41 орта мектебінде 1969, 1979, 1989, 1999, 2009 жылғы түлектермен кездесу кеші өтті. Кеш басталмас бұрын мектебіміздің биылғы түлектері келген қонақтарды тіркеді. Салтанатты кеш сағат 18:00 де басталып, мектебіміз есеп беру концертін өткізіп, жыл қортындысын жасады. Мерекелік кешке мектебіміздің ардагер ұстаздары мен аудандық маслихат хатшысы Ибраев Б.М. және ауыл әкімі Жәнібек Толқынбекұлы қатысты. Мектебімізде биыл бітіргелі отырған 43 түлек толық қатысып және мектеп бітіргендеріне 50, 40, 30, 20, 10 жыл толған түлектермен кездесу өтті. Кеш барысында алғашқы болып сөз алған мектебіміздің директоры Сулейменова Б.К. барша түлектер қауымын құттықтап ақ тілегін білдірді. Кешке қонақ болып келген түлектер өздерінің естеліктерімен бөлісіп, ұстаздарымен кездесіп, биылғы  бітіргелі отырған түлектерге өздерінің ақ тілектерін айтты. Сонымен қатар мерекелік кеш барысында мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетіп,  келген қонақтарға  жақсы көңіл-күй сыйлады. Кеш соңында  жыл қорытындысы шығып мектептің «Үздік сыныбы», «Үздік оқушылары», «Үздік сынып жетекші» анықталды.   5-8 сыныптар арасында «Үздік сынып» кубогын иеленген 8 «Б» сыныбы, сынып жетекшісі Шарденбаева С.С. 9-11 сыныптар арасында «Үздік сынып» кубогын иеленген 10 «Б» сыныбы, сынып жетекшісі Инкарбекова А.Ж. 5-11 сыныптар арасында «Үздік оқушы» кубогын иеленген Суликова Дариға 8 «Б» сынып оқушысы және Сияз Дархан 10 «Б» сынып оқушысы, «Үздік сынып жетекші» номинациясын 9 мұғалім иеленіп, алғыс хаттармен марапатталды. Кеш соңында келген қонақтар өте жақсы көңіл-күйде тарқасып, осындай керемет кешке өздерін шақырып қонақ қылған мектеп ұжымына рахметтерін айтты.

                                 

               

Просмотров: 674


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст