Текст
25 сәуірде Қызылжар ауылында аудандық жол қозғалыс инспекторлар слеті өтті. Слет қорытындысы бойынша біздің мектеп оқушыларының дайындығы жоғары бағаланып 2-орынды иелендік. Слетке 8-сынып оқушылары үлкен ынтамен дайындалды. Оларды мектебіміздің тәлімгерлері Досанова Мөлдір Нұрлановна мен Узденбаева Гулдесін Жанабайқызы дайындады. Оқушылардың ата-аналары да балаларының дайындығына өз үлестерін қосып атсалысты. Біз өз оқушыларымызды мақтан етеміз!