"Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Қабанбай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ «Общеобразовательная школа села Кабанбай батыр отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Пікір сайыс

14.02.2019

«Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» және «Жастар және дін» деген екі тақырыпта мектебіміздегі жас мамандар арасында өткізілген пікір сайыс туралы ақпарат.

Биылғы  жастар жылы еліміздегі жастардың орнын тағы бір ерекшелеп, жауапкершілігін еселеп арттыруға, өз мүмкіндіктерін көрсетуге айқын бағдар болады.  Егемендіктің  алғашқы жылдарынан  бастап жастар мәселесі ең басты орында. Жастар – ХХІ ғасырда Қазақстанның тұрақты дамуының кепілі. Елiмiздiң болашағы жастардың еңбекқорлығына, талап-тiлегiне, арман-мұратына байланысты. Бүгінгі жастар кешегі  ата-бабаның қалдырған мұрасын,  асыл құндылықтарымызды қадірлеп,  тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғыртып, оны алға ілгерілетіп, елдің экономикасы мен ғылымын да дамытуға мiндеттi. Жастар белсенді болса, тәуелсіздігіміздің көк туы мәңгілік желбірейді, елдің ертеңі жарқын болады. Сондықтан олар  қазіргі қоғамдағы барлық салаға атсалысып, тәуелсіздіктің тұғырлы болуы жолында аянбай еңбек ету жастардың басты міндеті. Біздің Қабанбай батыр ауылының   №41 орта мектебінің жас ұстаздарыда өз мүмкіндіктерінше ауылдың жарқын болашағы үшін, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде аянбай қажырлы еңбек жасайды. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында ата-бабадан қалған салт-дәстүрді бүгінгі күнге жаңғыртып әрі жалғастыру әрқайсымызға үлкен міндет, бабадан қалған аманат. «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деген тақырыпта және «Жастар және дін» деген тақырыпта мектебіміздегі жас мамандар арасында дебат пікір сайыс  өткізілді. Пікір сайысқа М.Латыпов, С.Токжуманова, Н.Өркенбай, Г.Узденбаева, С.Қожахметова, С.Нұркенова, А.Жорматов қатысты.  Пікір сайыста жас әріптестеріміздің келелі ойларын,  елдің болашағына шын жанашыр жастардың пікірін тыңдадық.  Көрермен болған ұстаздар қауымы өз пікірлерін қосып пікір сайыс соңы қызу ой талқымен аяқталды. Қорытындылайтын болсам, ел ертеңі – тәрбиелі жастар мен білімді ұрпақтың қолында. Ал білімді, тәрбиелі ұрпақты өсіру – ұлағатты ұстаздың қолында. Ертеңгі ұлағатты ұстаз бүгінгі жас мамандар.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Шарденбаева С.С.

Просмотров: 870


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст