"Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Қабанбай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ «Общеобразовательная школа села Кабанбай батыр отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дөңгелек үстел

14.02.2019

«Елбасының ізімен жарқын болашаққа» деген тақырыпта мектебіміздің жас мамандарымен өткізілген дөңгелек үстел туралы ақпарат.

Елбасының сындарлы саясаттары елдің еңсесін көтеріп, алға үмітпен қарауға жетелейді. Соның бірі биылғы жылдың «Жастар жылы» деп аталуының өзі Қазақстан жастарының болашағына айқын бағытты көрсетіп берді. Елдің ертеңгі таңы жарқын болу үшін елдің басты байлығы – жастарымыздың жолы айқын, дара болу керек.

 Мәңгілік елдің жастарына артылатын үмітте үлкен. Соның ішінде ауыл жастарының қарқынды еңбегі елдің ертеңін арайландыру үшін нағыз қажетті күш. Мемлекеттің тірегі  - ауыл. Ауыл көркейсе – елдің еңсесі көтеріледі.

Біздің ауылымыз Қабанбай батыр ауылындағы №41 мектеп ұжымының жартысы жастар. «Жас келсе іске»  деп айтылған сөздің дәлелі біздің мектептегі жас мамандардың еңбекке деген талпынысынан көруге болады.

 Жастар жылы және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласы аясында «Елбасының ізімен жарқын болашаққа» деген тақырыпта мектебіміздің жас мамандарымен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде жас мамандар қазақ тілі пәні мұғалімдері Смагулова Б.Ж, Өркенбай Н.М, тарих пәні мұғалімдері Латыпов М.М, Рапишев М.Е, музыка пәні мұғалімі Көпжасар Ж.Н, ағылшын пәні мұғалімі  Токжуманова С.Б, Арыпбаева Г.Т өз пікірлерімен, алға қойған мақсаттарымен бөлісіп, жас әріптестермен жақсы ой талқы өтті.

Жастар жылы – жастардың өзін дамытуына, елдің дамуына үлес қосуына үлкен мүмкіндік. Еліміздің барлық жастарына және мектебіміздің жас мамандарына тек сәттілік тілеймін!

Директордың тәрбие ісі орынбасары: Шарденбаева С.С

Просмотров: 525


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст