Текст
18 ақпан күні аудандық мәдениет үйінде Целиноград ауданының әкімі Оспанбеков Бақытбек Амантайұлының, Ауған соғысы Ардагерлерінің және құрметті қонақтар,жастардың қатысуымен Ауғаныстан жерінен әскерлерді шығару күніне арналған салтанатты шара өтті. Салтанатты жиынға мектебіміздің оқушылары мен ұстаздары қатысты. Биылғы жыл әскерлердің шығарылғанына 33 жыл толып отыр. Ауған жерінде қару асынып, мұң арқалаған, сын сағаттарда бірін бірі бауыр дескен азаматтарға мың тағзым!