2021-2022 оқу жылында "Парасат" дебат клубы өзінің құрамын пікірсайысқа қызығушылығы бар, көпшілік алдында сөйлеу шеберліктерін дамытамын деп ынталанған жаңа жас буынмен толықтырған еді. "Парасат" клубының бұрынғы тәжірибелі ойыншылары біздің түлектеріміз бүгінгі күнде мектепті үздік бітіріп, ЖОО -дағы дебат клубтарының үздік спикерлері болып жүр. Атап айтар болсақ Еуразия Ұлттық университетінің студенті Жамиева Күлшат, Қазақ Мемелекеттік Заң университетінің студенті Қуаныш Ботакоз, Агротехникалық университет студенті Болғазы Айым, Жоғары политехникалық колледж студенті Болғазы Айбын біздің мақтаныштарымыз өздерінің студенттік өмірлерінің қызықты сәттерін және дебат ойынының ерекше артықшылықтарын түсіндіріп "Парасат" дебат клубының жас буын ойыншыларына ақыл-кеңестерін айтты. Кездесуден түлектеріміз бен оқушылар өте ерекше есте қаларлық әсер алды.