Ақмола облысы Целиноград ауданы Кабанбай батыр ауылы ЖББОМ "Парасат" дебат клубы қысқы демалыс уақытында оқушылар мен ұстаздар арасында пікірталас өткізді. "Шет тілін үйренудің өз тілімізге кедергісі бар ма? ", "Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар", "Жаһанданудан ұтатынымызбен ұтылатынымыз қаншалықты?" деген тақырыптарды жан-жақты талқылаған ұстаздар мен оқушылардың арасындағы пікірталас өте тартысты өтті. Дебатқа көрермен болған ұстаздар қауымы өз пікірлерін білдіріп, оқушыларға тәлімді-тәрбиелі тұшымды ойларын айтты. Ой шеберлігінің, сөз шеберлігінің үлгісін көрсеткен ұстаздарымыз Жұлдыз Мамановнаға, Қатима Аралбайқызына, Мөлдір Мейрамовнаға, Шолпан Есенжоловнаға, Ардақ Іргебаевнаға, Толқанай Бейбітқызына үлкен алғыс білдіреміз. Пікірсайысшы оқушылар Рахимов Мирас, Бимырзаева Қарлығаш, Нұрмамбетов Молдатай, Қасымхан Аяжан, Махсұтұлы Ырысбек білімдерің кемелденіп, сөз шеберліктеріңнің кәсібилігі бұдан еселеніп артсын, жарайсыздар!