Текст
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «...жақсы ұстаздарсыз білім сапасын көтеру мүмкін емес» деп айтқанындай, біз, мұғалімдер, уақыт талабына сай әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білуіміз керек.
Мектептің «Критериалды бағалауды тиімді қолдану» әдістемелік тақырыбы аясында критериалды бағалау бойынша координатор Касенова С.Б. қызықты семинар, және ІІ (негізгі) деңгей ұстаздары Қуанова Л.Т., Садвокасова А.Т., Байдал М., Гофман С.П. «Қалыптастырушы бағалау», «Сабаққа критерий құру» тақырыптары бойынша танымдық коучинг-сессиялар өткізді.