"Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Қабанбай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ «Общеобразовательная школа села Кабанбай батыр отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаныңда жүр жақсы адам

14.09.2021

    Жақсылық жасау – имандылықтың тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» деген халқымыздың игі дәстүрі бүгін де жалғасып келеді.

   Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа? Абайдың он төртінші қара сөзіне жүгінетін болсақ,  «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әртүрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіңе ойлағандай оларға да болса игі еді» делінген. Бүгінгі кең пейілділік танытып отырған демеушіміз ТОО «Айыртас»  басшысы Нуракишев Куат Муратовичке алғысымызды білдіргіміз келеді.

    Құрметті, Куат Муратович! Мектебімізге талай жылдар армандап келген «Робототехника» кабинетін ашуға, толықтай құрал-жабдықпен  қамту үшін 6.000.000 сумма сертификатын табыстап, оқушыларымыз бен «Робототехника» үйірмесінің жетекшісі Сагнаев Даурен Жуматаевичтің қызыға жұмыс істеп, әр түрлі жаңа бастамалар бастауына мүмкіндік бергеніңіз үшін рақмет! Оқу жылы басталғалы үйірмеміз жанданып, жетекші мен оқушылардың белсене қатысып, ерекше ынтамен талпынып жүргенін байқадық. Осы қарқынмен алдағы уақытта керемет жетістікерге жететіне сенімдіміз! Сондай-ақ, биыл бастауыш сынып оқушыларының оқу бағдарламасына хореография үйірмесі ашылды. Мектебіміздің кабинет жетіспеушілігіне қарамастан, оқушыларымыздың сапалы білім алу, қызығушылығын арттыру мақсатында арнайы  хореография залын аштық. Ал оның ішін жабдықтауға көмек көрсетіп, әдемі айналар мен биге арналған тіреуіш (станок) орнатқаныңыз үшін ерекше алғысымызды білдіреміз. Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс-адамзатқа тән құбылыс. Сізге жасаған демеушілігіңіз үшін мектебіміздің атынан алғысымыз шексіз!

 

Просмотров: 801


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст