Текст
15.09.2025

Біздің мектепте жаңа оқу аптасы дәстүр бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды.
Жоғары сыныптарда «Позитивті ойлау» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сабақ барысында оқушылар оптимизмнің оқу үдерісінде, қарым-қатынаста және күнделікті өмірде қаншалықты маңызды екендігін талқылады.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың жағымды көңіл-күйін қалыптастыруға, өз күшіне сенімділігін арттыруға және тұлғалық дамуға ұмтылысын нығайтуға ықпал етеді.